АСТАНА, 17 – Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін уәде еткендей, өзінің шетелдік сапарына қарамастан, Геннадий Головкин мен Сауль Канело жекпе-жегінің трансляциясын көрді.
Шәй үстінде отырып, теледидар арқылы жекпе-жекті көріп отырған мемлекет басшысының суретін Facebook желісіндегі Ақорда баспасөз қызметінің ресми парақшасы жариялады.
Хабарламада: "Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапар кезінде мемлекет басшысы тікелей эфир арқылы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен жекпе-жегін көрді", — деп жазылды.
Нұрсұлтан Назарбаев 16-17 қыркүйек күндері Өзбекстан мен Түркменстанға жұмыс сапарымен барды.
Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен оның мексикандық қарсыласы Сауль Канело арасында болған жекпе-жек тең көрсеткішпен аяқталды.