Оқиға

Алматыда автокөлік екі адамды басып кетіп, біреуі қайтыс болды

© SputnikСүйінбай даңғылында автокөлік екі адамды соғып кетті
Сүйінбай даңғылында автокөлік екі адамды соғып кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Audi жүргізушісі көліктің басқаруын игере алмай, жол шетіне шығып кетті

Астана, 17 қыркүйек — Sputnik. Жол апаты Сүйінбай даңғылы мен Богдан Хмельницкий көшелерінің қиылысында орын алды, деп хабарлайды Sputnik Казахстан тілшісі.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Audi 80 автокөлігі Сүйінбай даңғылы бойымен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан. Жүргізуші Богдан Хмельницкий көшесіне қарай оңға бұрылып, көліктің жылдамдығын арттырған. 

Сол жерде жолдың бойында такси ұстап тұрған екі адам тұрған. Жүргізуші көліктің басқаруын игере алмай, екі адамды соғып, көлік арықтан өтіп, жолдың шетіне шығып кеткен. 

Алған жарақаттарының салдарынан бір адам жедел жәрдем көлігі келгенге дейін оқиға орнында қайтыс болып, екіншісі өте ауыр халде ауруханаға жеткізілді. 

Жүргізушінің айтуынша, көлік жолдың тайғақтығынан шетке шығып кеткен. Алматы полицейлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


Жаңалықтар
0