АСТАНА, 17 қыркүйек — Sputnik. "Қазгидромет" хабарлауынша, 17 қыркүйек күні Қазақстан территориясында жауын-шашынсыз ауа райы орнайды.
Республиканың солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бөлігінің кей жерлерінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші секундына 15-20 м. болып, түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші секундына 15-20 м. болады деп күтіледі.