Оқиға

Алматы – Бішкек тас жолында азық-түлік тиелген жүк көлігі өртенді

Жазылу
Өртенген жүк көлігіне тиелген азық-түлік шығынының жалпы сомасы айтылмайды

АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Жүк көлігінің тіркемесі Алматы-Бішкек тас жолының бойында өртенді, деген ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов нақтылады. 

ТЖ 16 қыркүйек, сенбі күні сағат 06.47-де Алматы-Бішкек тас жолының 74-шақырымында Алматы облысының Жамбыл ауданында орын алды. 

"Mercedes жүк автокөлігінің тіркемесінде өрт тұтанды. Өрт сөндірушілер келіп жеткен кезде халықтың тұтыну тауарлары тиелген тіркеме толығымен өртке оранған еді. Өрт сағат 07.35 ауыздықталып, сағат 09.31 толық жойылды", — деп хабарлады Иманқұлов. 

Өртті сөндіру кезінде Алматы облысы өрт сөндіру қызметі жеке құрамының төрт қызметкері және бір өрт сөндіру техникасы іске қосылды. 


 


Жаңалықтар
0