АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Астанада жаңадан "Сергек" атты фото-видео тіркеу жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды қалалық Ішкі істер департаменті.
Бұл жүйе жол жүру ережелерінің келесі түрлерін тіркейді:
• жылдамдықты асыру;
• қоғамдық көлікке арналған жол бөлігінде жүру (Bus Lane);
• тоқтау сызығын кесіп өту.
Жылдамдықты асырағаны үшін айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жаза қарастырылады:
• сағатына 10-20 шақырым (10 АЕК – 22690 теңге);
• сағатына 20-40 шақырым (15 АЕК – 34035 теңге);
• сағатына 40 шақырымнан асатын болса (30 АЕК- 68070 теңге).
Оқу орындары мен балабақшаларға жақын жолдардағы қозғалыс жылдамдығы сағатына 40 шақырыммен шектеледі. Тиісті жол белгілері орнатылған.
Бұл бөліктер "Сергек" атты фото-видео тіркеу жүйесімен ерекше бақылауға алынды.