Қоғам

Исекешев: ЭКСПО кезінде Астанада қылмыс азайды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоПолиция автокөлігі
Полиция автокөлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЭКСПО көрмесінің алдында Астана қаласында екі мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылды. Бұл қылмыс деңгейін азайтуға ықпал етті.

АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде Астанада қылмыс саны азайды, деп хабарлады Елорда әкімі Әсет Исекешев.

Оның айтуынша, қосымша бейнебақылау камераларын орнату оған әсер еткен бірден-бір фактор екені анық. 

Әкім ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу шараларына ат салысқан үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде: "Есеп беру уақыты аралығында 2178 бейнебақылау камералары орнатылды, нәтижесінде Астанада қылмыс деңгейі азайды. 2017 жылдың 8 айының ішінде тіркелген қылмыстар көлемі 18 % төмендеді", — деді.  

 


Жаңалықтар
0