АСТАНА, 15 сен – Sputnik. Павлодарда қыз баланы соққан трамвай жүргізушісі Наталья Пекничті қамауда қалдырды, деп хабарлайды Sputnik Казахстан тілшілеріне Павлодар облыстық соттың баспасөз хатшысы Әйгерім Сүлейменова.
Оның айтуынша, сот Наталья Пекничтің қорғаушысының оны тергеу амалдарын жүргізу кезінде үйіне босату туралы берген жеке шағымын қанағаттандырмады. Осылайша, әйел екі ай қамауда қалады.
Наталья Пекнич, 1987 жылы туған, күйеуі екеуі алты жасар қыздарын тәрбиелеп отыр. Сотта ол, жолды кесіп өтіп бара жатқан қыздарды көрмегенін айтты.