АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мен еріктілер жабайы қара сораны жойып жатыр, деп хабарлады Sputnik Казахстан тілшілеріне облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, Солтүстік Қазақстандық полицейлер 11 қыркүйектен бастап есірткі қылмысына және құқық бұзушылыққа қарсы "Тұзақ" жедел-профилактикалық шаралар аясында жұмыс жасап жатыр.
"Төрт күн ішінде облыс полицейлері есірткі заттарын заңсыз сатуға қатысты 24 қылмысты тіркеді. Петропавлдың шетінде жабайы қара сора жойылды. Сараптама қорытындысы бойынша, бұл 147 келі кептірілмеген марихуана болып отыр", — деген ақпарат берді ІІД.
Сондай-ақ Уәлиханов ауданында жабайы қара сора жойылды. Бұл жұмыста полицейлерге жергілікті еріктілер көмек көрсетті.