АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Алматыда Іле Алатауы Ұлттық табиғи саябағында алау жаққан төрт тәртіп бұзушыға 200 мың теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Алматы қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі.
Таудың басында орманның жанып жатқаны туралы куәгерлер хабарлаған. ТЖД қызметкерлері көрсетілген мекенжай бойынша бірден аттанып кетті.
"Кейінірек анықталғандай, төрт азамат таудың басына шығып от жаққан, сөйтіп, ерекше қорғалған табиғи аумақта өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған. Оларды ұстау үшін жергілікті полиция қызметі мен Ұлттық саябақ орманшылары көмектесті", — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Іле Алатауы Ұлттық табиғи саябағы Медеу филиалының жедел тобы қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 100 АЕК, яғни 226 900 мың теңге айыппұл салды.