Қазақстан Президенті баспасөз-конференциясы кезінде президенттің смартфондарға қалай қарайтынын сұраған отандық телеарнаның тілшісіне күтпеген жауап берді.
"Менің оған қарап отыратын уақытым жоқ", — деп жауап берген президент жиналғандарды күлдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің қызметіне орай телефонмен қолдану қажет екенін айта кетті.
"Әрине, көремін, жұмыс жасаймын. Хабарламалар аламын. Телефон номерін берейін бе?", — деп қалжыңдап жауап берді Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент қолында барлық ақпарат болғанымен, кей кезде интернетті қарайтынын да айта кетті.
Назарбаевтың өзінің телефон номерін жазып алу туралы ұсынысын Sputnik Казахстан радиосынан тыңдаңыздар.