АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек, еліміздің батыс бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан облысында, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз желдің күші — 15-20 м/с жетеді.
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күндіз және түнде тұман түседі.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде түнде – 3 градусқа дейін үсік күтіледі.