АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда сайты.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев сенат депутаттары Бектас Бекназаров пен Дархан Калетаевты депутаттыққа қайта тағайындады.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2013 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Парламенті сенатының төрағасы болып табылады.
Ақорданың хабарламасына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев KASE директорлары кеңесінің төрағасы болып табылатын Жанат Құрмановты Қазақстанның Ұлттық банкі төрағасының орынбасары етіп тағайындады.