АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов, Қазақстандағы криптвалюта мәселесін реттейтін мемлекеттік органды анықтауға ұсыныс жасады.
Сәрсенбі күні сұрау жасаған Жамалов, қазіргі таңда күллі әлемде, оның ішінде Қазақстанда да блокчейн және криптвалюта технологиясы таралып жатыр. Ол, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық есептесу-төлем төлеу бірлігін, оның ішінде крипвалютаны енгізу мәселесін қарастыруды ұсынғанын еске салды.
"Астана" халықаралық қаржы орталығы ТМД көлеміндегі блокчейн-шешімдер жүйесін дамыту үшін жұмыс тобын құру туралы хабарлады.
Блокчейн мен криптовалюталар кәсіпкерлік қызметтің мәніне айналды. Қазақстанда криптвалюта биржасы құрылып жатыр. Биткоиндар сату автоматтары орнатылды, деді мәжіліс мүшесі.