Қоғам

Сот Мұратхан Тоқмәдидің қамау мерзімін қарашаға дейін созды

© AFP 2024 / Sandor GemesҚолына кісен салынған адам
Қолына кісен салынған адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бопсалаушылыққа қатысты күдікті болып табылатын бизнесменнің қамауы бес айға дейін созылды

АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. Алмалы аудандық соты бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің қамауын қарашаға дейін созды, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.  Бизнесмен осы жылы жазда арнайы операция барысында ұсталған болатын. 

"Алмалы аудандық сотының қаулысымен Мұратхан Тоқмәдиге қатысты қамау түріндегі бұлтарпау шаралары 5 айға, яғни 12 қарашаға дейін ұзартылды", — деді баспасөз қызметі. 

Алматыда 12 маусым күні қазақстандық арнайы қызметтер шұғыл операция барысында "КазСтройСтекло" ЖШС бас директорының кеңесшісі Мұратхан Тоқмәдиді ұстады. Бизнесмен бопсалаушылық жасауға қатысты күдікті ретінде ұсталды. Кәсіпкер 2005 жылы "Семрюжком" ЖШС және "КазСтройСтекло" ЖШС құрылтайшысына қатысты қорқыту мен зорлық көрсету арқылы  кәсіпорындардың жарғылық қорын иеленуге қатысты күдікті болып табылады. Күдікті өз әрекеттері арқылы 185 миллион теңге шығын әкелді, делінеді. Кейіннен сот Мұратхан Тоқмәдиге қатысты қамауға алу туралы шешім қабылдайды.  
Жаңалықтар
0