Прогноз погоды в РК на 14-16 сентября
"Солтүстік тропосфералық ағындардың орнын басатын батыс ағындар Қазақстан территориясына Атлантика аудандарынан жылы ауа массасын алып келіп, күн жылиды. Таяу күндері орталық, солтүстік және шығыс аудандарда үсік сақталады. 15-16 қыркүйекте күндіз ауа температурасы облыстардың басым бөлігінде 20…28 градусқа дейін көтеріледі, ал оңтүстікте 26…31 градусқа жетеді", — деп хабарлайды "Қазгидромет" инженер-синоптигі Мөлдір Есқалиева.
Алдағы үш күнде жауын-шашын болмайды. Тек Қазақстанның батысында 14 қыркүйекте өткінші жауын жаууы мүмкін.