Глебтың айтуынша, жақында досы Арман Шураев оның қазақ мәдениетіне қызығушылық танытып, мемлекеттік тілді үйреніп жүргенін біліп, аса қымбат тұратын, сапалы домбыра сыйға тартыпты.
Домбыраның ырғағы, оның пікірінше, "металл" музыкасына жақын келеді.
Айтпақшы, бұл жас жігіттің алғашқы тәжірибесі емес. Былтыр ол Metallica тобының Battery әніне кавер жазып, Youtube желісіне салған.