АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында Степногорск қаласы әкімдігі аппаратының басшысына қарақшылық шабуыл жасалды, шенеунік ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады өңірдің құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Қарақшылық шабуыл 9 қыркүйек күні кешке болған.
Белгісіз біреулер ер адамға шабуыл жасап, ұрып, әмиянын алып кеткен. Зардап шегуші ашық бассүйек-ми жарақатын алып, миына зақым келіп, ауруханаға жатқызылды.
Степногорск орталық қалалық ауруханада хабарлағандай, Владимир Бессудныйдың жағдайы аса ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.