АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан өздігінен басқарылатын "Союз МС-06" транспорттық ғарыш кемесі бар "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылуы сәтті аяқталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өндірісі министрлігінің баспасөз қызметі.
Кезекті ұзақ мерзімді экспедицияға зымыран тасығыш Астана уақыты бойынша 03:17 "Гагарин стартынан" ұшырылды.
Екі "Союз" кемесі осымен 133-ші рет ұшырылып жатыр.
Экипаж құрамында Роскосмос ғарышкері Александр Мисуркин (экипаж командирі), NASA астронавттары Марк Ванде Хай (бортинженер) және Джозеф Акаба (бортинженер) бар.
Жоспарланған ұшу уақыты — 167 тәулік.