Мәдениет

"Оралманның" актері Қазанда өткен кинофестивалда үздік болып танылды

© Photo : Кадр фильма "Оралман"Дулыға Ақмолда
Дулыға Ақмолда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық "Оралман" кинокартинасы 15 қыркүйектен бастап прокатқа шығады

АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Мұсылман киносының ХІІІ Қазан халықаралық фестивалінде "Оралман" фильміндегі басты рөлді сомдаған Дулыға Ақмолда "Үздік ер адам рөлі" жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 

"Оралман" фильмі Ауғанстаннан өз отанына оралған жас отбасының өмірі жайлы баяндайды. 

"Бұл менің толықметражды кино бағытында алған алғашқы сыйлығым, мен оған өте қуаныштымын. Бұл менің ғана жеңісім емес, бұл барлық түсіру тобының: режиссер Сәбит Құрманбековтің, оператор Марс Омаровтың, қоюшы суретшінің, композитордың, сонымен қатар осындай керемет картинаны жасау барысында еңбектеген топтың жетістігі болып табылады. Барлықтарына үлкен рахмет", — дейді актер Дулыға Ақмолда.

Мұсылман киносының Қазан халықаралық фестивалі Татарсан астанасында 5-11 қыркүйек аралығында өтті. Үздік атаққа барлығы он картина ұсынылды. Толықметражды үздік фильм сыйлығын түрік режиссері Мұстафа Қараның "Каландр суығы" атты картинасы иеленді. 
Бұған дейін "Оралман" фильмі Иранда өткен 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестиваліндегі шетелдік фильмдер арасында бас жүлдені, сонымен қатар Астанада өткен ХІІІ Халықаралық "Евразия" кинофестивалінде Гран-при жүлдесін жеңіп алған болатын. 
"Оралман" картинасы прокатқа 15 қыркүйектен бастап шығады. 

Жаңалықтар
0