Қоғам

Алматы мен Астанада автокөлікті қайда қуаттауға болады

© Photo : Пресс-служба Ассоциации казахстанского автобизнесаЭлектрозаправочная станция
Электрозаправочная станция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жыл соңына дейін екі қалада электрокөлікті қуаттауға арналған 100 станция салынады

АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Алматы мен Астанада электрокөліктерге арналған алғашқы қуаттау станциялары орнатылды, деп хабарлады Қазақстан автобизнес қауымдастығының баспасөз қызметі.

Peugeot Instinct concept car - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО-2017 көрмесінде келешектің көлігі - электромобиль ұсынылады

Алғашқы елордалық электр бекеттері әуежай мен "Нұрлы жол" теміржол вокзалы аумағында салынған. Тағы бірі Алматы қаласының орталық бөлігінде. 

Олар әлемдік стандартқа сай келеді, бір сағаттан бастап, 4 сағат ішінде әлемдегі кез келген электрокөлікті қуаттайды. 

Станцияларды ашуға жекеменшік инвестиция тартылды. Жыл соңына дейін екі қалада 100 бекет салынатын болады.  Тағы жиырма станция Астана-Алматы республикалық тас жолында орнатылмақ. 

Қазір қазақстанда 200-дей электромобиль қолданыста.

Жаңалықтар
0