АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. "Алматы аруы" сұлулық байқауында бас жүлдені Сабина Әзімбаева жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қаланың ең сұлу аруы атану үшін он қыз бақ сынасты. Байқаудың ең айшықты кезеңдері шығармашылық сайыс пен дефиле болды.
"Алматы аруы-2017. Сұлулық энергиясы" байқауы әділқазыларының төрағасы Совет Сейітов болды, сонымен бірге әділқазылар құрамында әнші Абдулкарим Каримов, актер Макс Акбаров, актриса Жания Журинская, Алматы аруы-2016 Камила Асылова, актер Дастен Шәкіров, әнші Луина, Қазақстан аруы-2008 Альфина Насырова және тағы басқалар отырды.
Байқау жеңімпазы он жеті жасар Сабина Әзімбаева болды, ол "Туран" колледжінде аудармашы мамандығына оқып жүр.
Енді ару қыз «Әлем аруы» байқауында Қазақстанның намысын қорғайды.