АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Астаналық мектептерде сарапшылық комиссиялар құрылып, мектеп асханаларының жұмысына бақылау жасай алады, деп хабарлайды қалалық әкімшіліктің медиаорталығы.
Білім беру басқармасының маманы Әсем Үсенова: "Астана қаласындағы білім беру мекемелерінде сарапшылық комиссиялар жұмыс жасайды. Оның құрамына мектеп директорлары, әлеуметтік педагогтар, медбикелер және ата-аналар комитетінің мүшелері кіреді. Олар апта сайын мектеп асханаларының санитарлық жағдайын және тамақ мөлшерінің нормаға сай келуін тексереді", – деп хабарлады.
Оның айтуынша, астаналық оқушылардың тамақтану мәзірі төрт аптаға арналып дайындалады. Оны құрастыру барысында Қоғамдық тамақтану институтының ұсыныстары ескеріледі.