АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Атырау облысында мектеп оқушысын зорламақшы болған ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Мирный поселкесінің тұрғыны өз үйінің жанында 9 жасар қызы көріп қалады. Қызды қорқытып ұстап алған ол, зиратқа апарып, өзінің арам ойын іске асырмақшы болады. Алайда, қыз бала оның қолынан сытылып шығып, үйіне қашып кетеді.
Атырау облысының қылмыстық істерге қатысты мамандандырылған ауданаралық сотында ер адамға қатысты үкім шығарылды.
Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Соттың үкімі, сонымен қатар алқа билер шешіміне орай сотталушы ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімі және 120-бабының 4-бөлімі бойынша айыпталып, жазасын қатаң режимдегі бақылау колониясында өтейді".
Тергеу жұмыстары барысында сотталушының кінәсы дәлелденді. Іс соттың және алқа билердің отырысымен қаралды.