АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Тәжікстан азаматтарын әкеле жатқан автобус Ақмола облысында тас жолда апатқа ұшырады, деп хабарлады ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Жол апаты дүйсенбі 11 қыркүйекте Көкшетау-Петропавл та жолында болған.
Mercedes Sprinter микроавтобусы көліктен оза берем дегенде, солға бұрылып бара жатқан КамАЗ-ға соғылды. Жол апаты салдарынан шағын автобустың жүргізушісі мен жолаушылары зардап шекті.
Mercedes Sprinter ішінде Ресейден Тәжікстан Республикасына қайтып бара жатқан Тәжікстан азаматтары болған. КамАЗ рөлінде 1969 жылы туған Көкшетау тұрғыны болыпты.
Ақмола облыстық ауруханасына минивэннің бес жолаушысы жатқызылды.