АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның көп бөлігінде жауын жауып, найзағай ойнайды. Тек батыс және оңтүстік-батыс бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, тұман түседі, деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
Түнде 11 қыркүйекте Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ жаууы, дауыл соғуы ықтимал. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, күндіз 11, 12 қыркүйек түнде екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.
11 қыркүйекте Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
11 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күркіреп, батыстан 15-20 м/с жел күтіледі.
Алматы облысында 11 қыркүйекте кей жерлерде найзағай соғады. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Талдықорган қ.: 11 қыркүйекте найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
11-ші қыркүйекте тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, жел түнде кей жерлерде, күндіз кей уақытта 15-20 м/с күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, Қызылорда облысында найзағай күркіреп, батыстан 15-20 м/с жел күтіледі.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі сақталады.