АСТАНА, 10 қыркүйек — Sputnik. ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты жабылу кеші өз көрермендеріне ерекше көңіл-күй мен қимастық сезім сыйлады. Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі ендігі кезде тәуелсіз Қазақстанның тарихи беттерінде естелік болып қалады.
Қоюшы-режиссерлер мен әртістер көптеген декорациялардың көмегімен дайындалған футуристтік әлемге саяхат сыйлады.
Hi-Light Show көрінісінің шырқау шегі планетадағы энергияны қозғалтқан адам бейнесі болды.
Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Лоссерталес Висенте Гонсалес Қазақстанға келе алмады, алайда өзінің арнайы видео жолдауын жазып жіберген. Висенте Гонсалес, Қазақстанмен жасалған ортақ істің нәтижесіне көңілі толғанын айтып өтті.
Халықаралық ЭКСПО көрмесінің туы Халықаралық көрмелер бюросының президенті Стейн Кристенсенге табысталды.
ЭКСПО-2017 көрмесі Астанада үш ай бойы өткізіліп, 2232 сағатқа созылды. Дәл осынша көлемдегі адамдар саны "Нұр Әлем" Ұлттық павильонын қоршап, қолдарын ұстап, бір-біріне таусылмас энергия берді.