АСТАНА, 10 қыркүйек — Sputnik. 2020 жылғы ЭКСПО әлемге әйгілі Дубай қаласында өткізіледі. Алдын ала бағалау бойынша, оның өткізілуіне орай инфрақұрылымға қажетті қаражат сегіз миллиард долларды құрайды. Мұндай салым, қаланың экономикасына 23 миллиард доллар көлемінде үш есе қайтарым жасайды деп күтілуде.
Энергетикалық жетістіктер
Біріккен Араб Әмірліктерінің экономикасы әлемдегі ең озық инновациялық түрде деп аталуға толық құқығы бар. бүгінгі таңда БАӘ тек қана "қара алтын" өнімінен түсетін пайдаға қарап отырмайды. Шикізат тәуелсіздігіне туризм, теңіз көлігі қатынасы және табиғат арқылы қол жеткізілді.
2013 жылы қуаттылығы 100 мегаватт болатын, елдегі ең үлкен күн электростанциясы "Шамс-1" (Shams 1) іске қосылды.
Мемлекеттік мектептер мен тұрғын үйлердің шатырында фотоэлектрлік панелдер орнатылуда. Өзінің энергетикалық жоспарын орындау мақсатында мемлекет 164 миллиард доллар қаражат бөлуді көздеп отыр.
Болашаққа бастама
БАӘ болашаққа бағдарлаған жоспары экологиялық таза қалалардың құрылысы болып табылады.
Қазіргі уақытта әлі де бос болып есептелетін әлемдегі ең алғашқы Масдар эко-қаласы болашақтың мега жобасы болып саналады. Қала ішіндегі күн қуатының батарейлері, қала ішінде жүруге арналған жүргізушісі жоқ автокөліктер – бұл шынайы көрініс болып табылады. "БАӘ үшін жаңартылған энергетиканы дамыту Абу-Дабидегі Масдар эко-қаласынан басталды. Дубайдағы – Мохаммед Бин Рашид әл-Мактумның Күн саябағы әлемдегі ең ірі автономды күн электростанциясы болып табылады", — деді Мансур әл-Мансури Sputnik Казахстан тілшілеріне берген сұхбатында.
БАӘ әр адам Астана туралы біледі
Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде Біріккен Араб Әмірлігінің павильоны көлемі 980 шаршы метрді құрайды.
Ашылу кезінен бастап бұл жерге 500 мыңнан астам адам көруге келген.
"БАӘ әр адам Астана туралы және біздің елдің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуымыз жайында біледі. Біз өз еліміздегі БАҚ өкілдеріне ЭКСПО-2017 келу үшін баспасөз турларын өткіздік. Бұл тек қана павильонға келу үшін ғана емес, сонымен қатар, журналисттер мен тұрғындар үшін ЭКСПО көрмесі жайында кеңінен мәліметтер беру үшін қажет", — деп түсіндірді Мансур әл-Мансури.
Дубайға қош келдіңіздер!
Алдағы уақытта өткізілетін ЭКСПО-2020 халықаралық көрмесіне шамамен 25 миллион адам жиналады деп күтілуде. Әлемдік қауымдастықтың инновациялық және технологиялық әлеуетін таныстыру "Ақылды біріктіру, болашақты құру" ұраны аясында алты ай көлемінде өткізіледі.