Спорт

Мәдениет басқармасының басшысы Азия чемпионатында қола медальға ие болды

© Photo : пресс-служба ассоциации джиу-джитсу КазахстанаБолат Мажағұлов қола медальге ие болды
Болат Мажағұлов қола медальге ие болды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азия чемпионатының қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылардың қанжығасында төрт медаль болды

АСТАНА, 10 қыркүйек — Sputnik. Токиода IBJJF желісі бойынша джиу-джитсудан өткен Азия чемпионатында Астана қаласы мәдениеті, мұрағат және құжаттама басқарамасының жетекшісі, сонымен қатар Қазақстанның джиу-джитсу ассоциациясының құрметті президенті Болат Мажағұлов қола медальға ие болды, деп хабарлайды ассоциациясының баспасөз қызметі. 

Халықаралық Asian IBJJF Jiu-Jitsu Championship турниріне Қазақстаннан төрт спортшы қатысты. Азия чемпионатының қорытындысы бойынша отандық спортшылардың қанжығасы екі алтын, бір күміс және бір қола медальмен толықты.  

Барлық қарсыластарын жеңіп, жақсы нәтиже көрсетіп, Азия чемпионы атағын Рустам Малаев және Асан Жүнісов иеленді. Азия чемпионатының күміс иегері Санат Шапашов және қола медаль иегері Болат Мажағұлов болды. 

Токиода өткен Азия чемпионатында түрлі мемлекеттерден барлығы 900 спортшы қатысты. 

 

Жаңалықтар
0