АСТАНА, 9 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін, бұршақ түседі, дауыл соғып, жел ұйытқиды. Оңтүстік-батыс, солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық пен шығыста түнде және таңертең кей жерлерде тұман.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Ақмола облысында кей жерлерде түнде және таңертең тұман, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Жаамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Ақтөб облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында, Қарағанды облысында түнде, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.