АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінің жұмысшыларына арналған жатақханада болған төбелестен кейін алпыстан астам үнді азаматтары Қазақстаннан кетеді, деп хабарланды елорда әкімінің сайтында.
Астана қаласы басшылығының Қазақстандағы БАӘ елшісі және Arabtec Holding PJSC ("Абу-Даби Плаза" кешенінің бас мердігері) компаниясы басшылығымен кездесуі болды.
Кездесу барысында қарастырылған басты мәселе, жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасында болған жанжал болды.
Arabtec Holding PJSC компаниясының басшылығы, таяу күндері 61 шетелдік жұмысылар (Үндістан азаматтары) "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін, елден кетеді, оған қоса бастапқы кезде 23 адам – бір тәулік ішінде елден кетуге тиісті болады.