АСТАНА, 8 қыркүйек — Sputnik. Петропавлда ҚР Ұлттық ұланы Әскери институты курсантының өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды, деп хабарлажы Солтүстік Қазақстан облысы ІІД бапсасөз қызметі.
"Болған оқиға бойынша Петропавл Әскери институтының аумағында ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бабына сәйкес тергеу жүргізілуде", — деп хабарлады баспасөз қызметі жұма күні.
Оқиға орнында барлық қажетті жедел тергеу амалы жүргізілген. Осы институттың 19 жастағы курсанты күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұдан бұрын ҚР Ұлттық ұланы хабарлағандай, 7 қыркүйекте Әскери институт лазаретіне 3 курс курсанты, қатардағы сарбаз Ғалымжан Тұрсын пышақ жарақатымен түскен.
Дәрігерлердің дер кезінде көмектескеніне қарамастан, жас жігіт көз жұмады.
Қайғылы оқиғаға себеп екі сарбаздың арасындағы өзара кикілжің себеп болған. Қаза тапқан курсанттың жасы 19-да еді, Ұлттық ұлан қатарында 2015 жылдан бері қызмет еткен.