Өңірлер

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Болат ШайхиновКүз
Күз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның батысында жаңбыр жауып, күн күркірейді

АСТАНА, 8 қыркүйек — Sputnik. Еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерімен күн ашық болады. Республиканың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ түседі, дауыл соғып, жел ұйытқиды. Солтүстік, солтүстік-батыс және орталықта түнде және таңертең кей жерлерде – тұман, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Күз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Еліміздің бірнеше облысында үсік жүреді

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал, дауыл соғады, желдің екпіні 15-20, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында ұйытқуы 23-28 м/с.

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарында ттүнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз Қостанай облысында желдің екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарында түнде кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Жамбыл және Ақмола облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтар
0