АСТАНА, 7 қыркүйек — Sputnik. Күнде аса қуатты жарылыс орын алып, Күн бетіндегі сейсмикалық қозғалыстарға себеп болды.
Ресей ғылымдар академиясы Ғарыштық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Алексей Струминский РИА Новости агенттігіне айтқандай, Күндегі жарқ еткен құбылыс сәрсенбі 6 қыркүйекте болған. Айта кеткеніміз жөн, Күн бетіндегі қуатты жарылыс осыдан он екі жыл бұрын болыпты – 7 қыркүйек 2005 жыл.
"Бұл құбылыстың бір қызығы, жекелеген жарылыстар кезінде күн сілкінісі болады, ол кезде Күннің бетінде сейсмикалық толқындар таралып, суретте анық көрінеді", — дейді ғалым.
Ғалымның сөзіне сүйенсек, жарылыстың адамдар денсаулығына әсер етпейді, тіпті радиобайланыс құралдарына да кедергі келтірмейді.