Оқиға

Шымкентте қарулары бар бір топ жасөспірім ұсталды

© PhotoКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкентте полиция тарапынан ұсталған жасөспірімдер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Шымкентте қаруы бар бір топ жасөспірімді  полиция ұстады, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан ІІД баспасөз қызметі. 

2017 жылы 4 қыркүйекте жедел-профилактикалық шаралар барысында Шымкент қаласы Абай аудандық ювенальды полиция қызметкерлері Республика даңғылында түнгі уақыт кезінде үлкендердің бақылауынсыз жүрген кәмелетке толмаған төрт жасөспірімді ұстайды. Олар 1999 және 2000 туған, ОҚО тұрғындары болатын. 

"Тексеру кезінде жасөспірімдердің бірінің сөмкесінен полиция қызметкерлері шолақ аңшы мылтығын, екі тапанша, оқ-дәрі, пышақ және бет перде  тауып алды. Барлық жағдайды анықтау мақсатында кезекші топ жасөспірімдерді Абай аудандық полиция бөліміне жеткізді", — деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі. 

Аталған іс Абай аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу реестрінде ҚР ҚК 287-бабы бойынша тіркелді. Бұл бапта 10 жыл бас бостандығынан айыру қарастырылған. Заттай дәлелдер бар. Қазіргі уақытта полиция тарапынан жасөспірімдердің бұл қаруларды қайдан алғаны және қандай мақсатта өздерімен алып жүргендері анықталып жатыр. 



Жаңалықтар
0