Саясат

Астанаға Иран Президенті Хасан Роухани келеді

© Sputnik / Ильяс ОмаровХасан Роухани
Хасан Роухани - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ислам мемлекеті көшбасшысының сапары Қазақстанмен арадағы қатынасты нығайтуға бағатталады

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Ислам Республикасының Президенті  Иран Хасан Роухани ресми сапармен Астанаға келеді, деп жазады tasnimnews. Ол туралы президент әкімшілігінің басшысы Махмуд Ваези Тегерандағы министрлер кабинетінің отырысы аясында айтқан. 

"Алдағы күндері Президент Хасан Роухани Қазақстанға екі жақты қарым-қатынасты нығайту мақсатында Астанаға барады. Сонымен қатар бірқатар африкалық елдерге ресми сапар жоспарланған", − деп жазады баспасөз беттері. 

Ирандық көшбасшының наұһқты келу датасы әзірге белгісіз. Бұған дейін Хасан Роухани былтырғы жылдың желтоқсан айында Астанада ресми сапармен болған еді. Ағымдағы жылдың тамыз айында қайтадан сайланған Иран президенті Хасан Роуханидің инаугурациясына Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қатысты. 

ҚР СІМ басшысы Иран президентіне Ғылым мен техника саласындағы Исламдық серіктестік ұйымының бірінші Саммитіне дайындық турады ақпарат берген болатын. 

Аталған аммит Астана қаласында 10-11 қыркүйек күндері өткізіледі. 


Жаңалықтар
0