АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Степногорскта белгісіз жағдайда сегіз жасар ұл бала жоғалды, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Казахстан тілшілеріне.
Оқиғаға қатысты белгілі жайттар, Александр Вагнер, 2009 жылы туған, 5 қыркүйек күні жоғалып кеткен. Бала сағат 15.00 шамасында 2-шағын аудандағы №29 үйдің ауласында ойнап жүріп, белгісіз бағытқа кетіп қалған.
Ұл баланың үстінде сарғыш түсті майка, шолақ шалбар және қара түсті туфли болған.
Полиция жоғалған бала туралы хабарламалар таратты. Құқық қорғаушылар тұрғындар тарапынан баланы көрген — білгендері болса, бірден 102 телефонына хабарласуды сұрайды.