Қоғам

Депутаттар Рау мен Сәпиев ант қабылдады

© Sputnik / Болат ШайхиновСерік Сәпиев
Серік Сәпиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада ҚР Парламенті мәжіліс палатасының жалпы отырысы өтіп жатыр

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Серік Сәпиев пен Альберт Рау Астанадағы жалпы отырыста ант қабылдады.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының біртұтатстығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, мойныма артылған депутат міндетін адал ниетпен орындауға ант етемін", — деді ҚР Паралментінің алтыншы рет шақырылған мәжілісінің үшінші сессиясының депутаттары.

Бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев ақпан айының соңында Мұхтар Тінікеев қызметінен кеткен соң, депутат қызметіне кіріскен болатын. Ал бұдан бұрын Инвестиция және даму бірінші вице-министрі қызметін атқарған Альберт Рау биыл наурызда депутат атанған.

Жаңалықтар
0