АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Жер-жерлерде шептік бөліну салдарынан найзағайлы жауын, кей жерлерде бұршақ, желдің ұйытқуы болып, дауыл тұрады. Тек еліміздің батыс бөлігінде ғана жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыстың кей аймақтарында түнде және таңертеңгілік уақытта тұман болады, деп хабарлайды "Казгидромет".
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының желдің ұйытқуы 15-20 м/с, кей аймақтарында 23-28 м/с жылдамдықта дауыл болуы ықтимал. Солтүстік Қазақстанның біраз бөлігінде желдің ұйытқуы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дауыл соғуы ықтимал.
Күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында жер-жерлерде желдің ұйытқуы 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысында желдің ұйытқуы 15-20 м/с болып, күндіз бұршақ жауы мүмкін. Қостанай облысының кей аумақтарында желдің ұйытқуы 15-20 м/с, жекелей аудандарда түнде тұман орын алады. Қызылорда облысында жер-жерлерде желдің ұйытқуы 15-20 м/с, бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысы, Алматы обысының кей аумақтарында өте қатты ыстық болады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қостанай облысының көп бөлігінде, Алматы облысының жер-жерлерінде, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарында өрт қауіпі салдарынан төтенше жағдай сақталуда.