АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik. Талдықорғанда екі жеңіл автокөліктердің соқтығысуы салдарынан жас әйел қайтыс болып, алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Казахстан тілшісі.
Жол апаты Талдықорғанның шет аумағында 4-қыркүйек күні түскі уақытта орын алды. 23-жасар әйел адам жүргізген Nissan Primera көлігі "АКЛ" базарының маңында 43-жасар жүргізуші басқарған Toyota Caldina автокөлігімен соқтығысқан.
Оқиға орнынан облыстық ауруханаға түрлі жарақат алған жеті адам жеткізілді. Олардың арасында кәмелетке толмаған үш бала бар. Жүргізуші әйел адам жан сақтау бөлімінде қайтыс болды.
Облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары басталып, мұндай жағдайда қажетті барлық экспертизалар белгіленді.