АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik. Биылғы қажылық маусымы да аяқталып, Сауд Арабиясы королдігі бірқатар мәліметтерді жария етті. Деректерге сүйенсек, биылғы жылы қажылық парызын 2 миллионға жуық жан өтеген екен, деп жазады muslim.kz.
Сондай-ақ, қажылық маусымы кезінде 39 жанның көз жұмғаны да белгілі болып отыр. Алла Тағала жазуымен қасиетті мекенде дәм-тұзы таусылған олардың көбісі жасы жеткен егде адамдар екені айтылады. Бұған қоса, жергілікті дәрігерлердің анықтамасы бойынша «созылмалы ауруларының асқынып кетуі» де себеп болып отыр.
Белгілі болғандай, қайтыс болған қажылардың ішінде Алжир мен Мысыр елінің азаматтары көп көрінеді.