АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik. Алматыда жедел шаралар барысында жасанды арақ-шарап шығаратын цех табылды, деп хабарлайды Алматы мемлекеттік кірістер департаменті.
А. есімді азамат Алатау ауданы жеке тұрғын үй ауласында жасанды есептік-бақылау маркаларын пайдаланып, спирт пен суды араластыру арқылы ішімдік жасап шығарған.
Тінту барысында 1350 бөтелке ішімдік табылыпты.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.