Өңірлер

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Жазылу
Қазақстанның бірнеше өңірінде жел тұрады

АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik. Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, дауыл соғы мүмкін. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қызылорда, Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында, күндіз Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.

Қостанай, Ақтөбе облыстарында күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында, түнде кей жерлерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің екпіні 15-20, күндіз ұйытқуы 23-28 м/с, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі бар. 

Жаңалықтар
0