АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. Кембридж герцогі мен герцогинясы жуырда үшінші рет сәбилі болмақ, деп хабарлайды РИА Новости корольдік резиденция хабарламасына сілтеме жасап.
Хабарламада айтылғандай, Кембридж герцогинясы Кэтриннің бұрынғы жүктілігі кезіндегідей жүрегі айнып, мазасы болмай жүр. Сол себепті ол Лондондағы балалар орталығына сапарын кейінге қалдырды.
Ұлыбритания королевасының немересі ханзада Уильям мен оның жұбайы Кейт Джордж есімді ұл және Шарлотта есімді қыз тәрбиелеп отыр.