Қоғам

Ғарышкер Мұсабаев пен экс-әкім Сұлтанов ант берді

© Sputnik / Болат ШайхиновСенат
Сенат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенатқа биыл 16 депутат жаңадан сайланып, төртеуін Президент тағайындаған болатын

АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. Парламент сенатының үшінші сессиядағы алғашқы отырысында палатаға жаңадан сайланып, тағайындалған депутаттар халыққа адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жазда өткен сенат депутаттарының сайлауы мен тағайындалуына байланысты сенаттың құрамы ішінара жаңартылды. Жаңадан қатарымызға қосылған депутаттарды тағы да құттықтап, аса жауапты қызметтеріңіз табысты болуына тілестеспін. Бұл Президенттің, халықтың зор сенімі. Сіздер әр түрлі салада қызмет атқарып, жинаған мол тәжірибеңізді заң шығару қызметінде кеңінен пайдаланып, сенаттың жұмысындағы сабақтастықты жалғастыра отырып, палата жұмысына жаңа серпін береді деп сенемін", — деді палата отырысын ашқан сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Ол Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Елбасының жарлығы бойынша жаңадан сайланған және тағайындалған сенат депутаттары палата отырысында ант беретінін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев қазақ билігіндегі өзекті мәселені ашық айтты

Халыққа адал қызмет етуге ант бергендердің қатарында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болған Ерік Сұлтанов, Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің бұрынғы басшысы Сәуле Айтбаева, сенат аппараты басшысының бұрынғы орынбасары Владимир Волков, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бұрынғы орынбасары Дархан Қалетаев және "Қазғарыштың" бұрынғы басшысы Талғат Мұсабаев бар.

Сонымен қатар, Қарағанды облысынан сайланған Рысқали Әбдікеров, Ақмола облысынан Дәурен Әділбеков, Атырау облысынан Гұмар Дүйсембаев, Ақтөбе облысынан Мұхтар Жұмағазиев, Оңтүстік Қазақстан облысынан Әлімжан Нұртаев, Алматы облысынан Нұрлан Қылышбаев, Астана қаласынан Еділ Мамытбеков, Шығыс Қазақстан облысынан Дүйсенғазы Мусин, Жамбыл облысынан Абдалы Нұралиев, Павлодар облысынан Нұржан Нұрсипатов, Батыс Қазақстан облысынан Нариман Төреғалиев ант қабылдады. 

ҚР Парламентінің ғимараты - Sputnik Қазақстан
Саясат
Президент Сенаттың төрт депутатының өкілеттігін тоқтатты

Айта кетсек, Сенаттағы 47 депутаттың 15-ін Президент тағайындайды, қалған 32-сін мәслихат депутаттары сайлайды.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі — алты жыл. Әрбір үш жылда өкілеттігі аяқталған 16 депутат қайта сайланады. Биыл 28 маусымда  өткен сайлауда 16 депутаттық мандатқа 38 үміткер таласты. Тағы төрт депутат Президенттің жарлығымен тағайындалды. 

 

Жаңалықтар
0