Өңірлер

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуАуа райы
Ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді

АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. Өткен демалыс күндері Қазақстанда ауа-райы жауын-шашынсыз  ыстық  болды, максималды ауа температурасы +28…+35 градусқа дейін жетті, ал республиканың оңтүстігінде +38…+41 градус болды, бұл климаттық нормадан 4…14 градусқа жоғары. 

Алайда алдағы тәуліктерде Поволжья аудандарынан ауысқан циклон Қазақстан аумағы арқылы шығысқа қарай жылжитын болады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Синоптиктер осы циклонның әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, найзағай кезіндегі екпінді желдің күші 17-22 м/с жетеді деп болжауда. Циклонның тылына тау тарамы жағынан суық антициклон таралып, соның ықпалынан республиканың солтүстік бөлігінде ғана емес оңтүстігінде де ыстық едәуір әлсірейді.

Жаңалықтар
0