АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілер саны тәулігіне 57 мың адамға өсті. 3 қыркүйекте рекордтық көрсеткіш белгіленді: көрмеге 75 мыңнан астам келуші келген.
Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, ЭКСПО көрмесінің соңғы аптасы бұрынғы көрсеткіштерден асып түспек, ал келушілердің ең көп легі алдағы жексенбі 10 қыркүйекте, көрменің жабылуына келеді.
Көрмеге келгендер саны 10 маусым мен 3 қыркүйек аралығында 3 миллион 525 мың 291 адамды құрады.
Ең танымал павильондар ондығы: Египет, Африка Плазасы, Түркия, Таиланд, Әзербайжан, Өзбекстан, Үндістан, Ресей, Жапония, Сауд Арабиясы Корольдігі.