Қоғам

Министрлік Абу-Даби Плазада қанша шетелдік жұмыс істеп жатқанын айтты

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуЖұмысшылар
Жұмысшылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Абу-Даби Плаза" кешенінде 3 600-ден астам қазақстандық жұмыс істеп жатыр

АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. Абу-Даби Плазада жұмыс істеп жатқан адамдардың елу пайыздан астамын шетелдік азаматтар құрайды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Бас прокурор Абу-Даби Плазадағы төбелеске қатысты: екі қылмыстық іс қозғалды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері "Абу-Даби Плаза" кешенін салу бойынша жұмыстарға 2 309 рұқсат берілген. Барлығы 11 компания (шетелдік мердігерлер) бойынша 4 861 шетелдік жұмысшы (олардың бір бөлігі мерзімі әлі өтпеген рұқсаттар бойынша жұмыс істеуде) және 3 692 қазақстандық істеп жатыр. 

Үндістаннан келген жұмысшылардың саны 3 732 адамды (76,7%) құрайды. Бұдан бөлек, Әбу-Даби Плазада Түркиядан 160 адам (3,3%), Мысырдан- 156 адам (3,2%), Филиппин елінен — 143 адам (2,9%), Иорданиядан — 117 адам (2,4%) және тағы да басқа мемлекеттердің азаматтары еңбек етіп жатыр.

Өз кезегінде Еңбек министрі Тамара Дүйсенова шетелдік жұмысшылар квота бойынша тартылатынын атап өтті. 

"Қазақстанда көші-қонға қатысты заң бар. Осы заңға сәйкес барлық шетелдік жұмысшы күші квота бойынша тартылады. Бүгінгі күні Қазақстан бойынша квота экономикалық белсенді халықтың 0,65 пайызын құрайды. Бұл дегеніміз бар болғаны бүкіл Қазақстан бойынша 54 мың адам деген сөз. Бүгінгі күні жұмыс берушілер бар болғаны 27 мың шетелдік жұмысшы күшін жалдап отыр", — деді министр БАҚ өкілдеріне.

Шетелдіктерге Қазақстанда еңбек етуге берілетін рұқсаттың мерзімі – 1 жыл. Егер жұмыс беруші қажет деп тапса, ол тағы бір жылға ұзартылуы мүмкін. 

Жаңалықтар
0