Оқиға

Алматыда алты түрік азаматы жасанды төлқұжатпен ұсталды

© Sputnik / Серикжан Ковланбаев / Алматы әуежайы
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Түркия азаматтары Еуродақ елдеріне Қазақстан арқылы өтпек болған

АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. Алматыда алты түрік азаматы жасанды төлқұжатпен ұсталды, деп хабарлайды ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі.

"Шекаралық бақылау бөлімшесінің жасағы Тбилиси-Алматы бағдарлы рейсінде Түрік Республикасының алты азаматын ұстады. Олардың төлқұжаты жасанды болып шықты", — деп хабарлайды баспасөз қызметі

Ұсталғандардың сөзіне қарағанда, олар Қазақстан Республикасы арқылы Еуроодақ елдеріне өтпек болған.

Жаңалықтар
0