Өңірлер

Семейдегі мектеп жаңа оқу жылынан бастап 15 есе көп оқушы қабылдады

© Photo : Информационный центр ВКОСемейдің Бобровка поселкісінде жаңа мектеп ашылды
Семейдің Бобровка поселкісінде жаңа мектеп ашылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Семейдің Бобровка поселкісінде 44 оқушыға арналған мектеп жұмыс жасаған. Жаңа оқу орнының ашылуын поселкі тұрғындары бірнеше жыл күткен болатын.

АСТАНА, 3 қыркүйек — Sputnik.  Семейдегі Бобровка поселкісінде №44 мектептің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталды.  Бұған дейін мектеп бар жоғы 44 оқушыға арналса, қазіргі уақытта 600 бала қабылдай алады, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығы. 

"Ендігі кезде "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған №44 мектеп бір ауысымда 600 оқушыны қабылдай алады. Бұрынғы ескі ғимарат барлығы 44 оқушыға ғана арналған еді", — делінеді хабарламада. 

Поселкі тұрғындары қазіргі заманғы стандарттарға сай келетін және де білім беру талаптарына жауап бере алатын жаңа мектептің ашылуын бірнеше жылдар бойы күткен.  Тұрғындарды жаңа мектептің ашылуымен құттықтау үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова келді.

Мектептің салтанатты жиналысында, ол: "Мен барлық оқушылар мен мұғалімдерді қазіргі заманғы талаптарға сай келетін мектептің ашылуымен құттықтаймын. Оқушыларға сәттілік пен педагогтарға жаңа жетістіктер тілеймін. ШҚО әкімінің басшылығымен білім беру жүйесінде керемет жетістіктерге қол жеткізілді: облыста жаңа мектептер мен бала бақшалар соғылып жатыр. Шығыс Қазақстан облысындағы мектептердің түлектері ҰБТ қорытындылары бойынша Қазақстан көлеміндегі орташа көрсеткіштен жоғары деңгей көрсетті", — деді.  

Инновациялық құралдармен жабдықталған, түрлендірілген оқу сыныптары мен медиатекасы кеңінен қамтылған кітапханасы бар мектеп оқушыларға білім алуға үлкен мүмкіндіктер ашады. 


Жаңалықтар
0