АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. 90-ға жуық жолаушысы бар екі SCAT ұшағы ауа райы қолайсыздығына байланысты Ақтау әуежайына қона алмады, деп хабарлайды әуекомпания баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Ұшақтар сенбі күні келуі тиіс болатын. Тұман салдарынан жер беті 150 метр биіктіктен ғана көрінетін болды, сондықтан ұшақтар тұман сейілгенше Атыраудағы қосалқы аэродамда күтетін болды.
"Қазір олар қайта Ақтауға ұшып кетті. Жолаушылар шамамен үш сағаттай күтті. Бір ұшақ Сочиден келген, ал екіншісі туралы ақпарат жоқ", — дейді сұхбат беруші телефон арқылы.